"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Шалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Шалкар отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области

Біздің әлеуметтік желілер

 

кадрлар бөлімі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тілдер мерекесіне» арналған «Мәңгілік елімнің -мәңгілік тілі » атты қашықтықтан өткен онкүндіктің өтілу барысы.

                                                                      «Тілдер мерекесіне» арналған «Мәңгілік елімнің -мәңгілік тілі »
                                                                        атты қашықтықтан өткен онкүндіктің өтілу барысы жайында
                                                                                        ЕСЕП


Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді. Өйткені, мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да, ең өзекті мәселе.
Шалқар орта мектебінде 4-16 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Мәңгілік елімнің -мәңгілік тілі » атты тілдер онкүндігі өтті. Бұл онкүндікте іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Аталмыш онкүндік аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты.
  Жұма 04.09 күні онкүндік «Тіл татулық тірегі» атты челленджбен ашылды. Оқушылар 3 тілде өлеңдер оқып, челленджді жалғастыру Мәншүк орта мектебіне жолданды. 
    Қазақ халқының ұлы дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбаевтың шығармаларын насихаттау, рухани мол мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке  оқып-білуге ынталандыру мақсатында 07.09 күні «Абай мұрасы – халық қазынасы» атты презентация жасалып, таныстырылды. Презентацияны тарих пәнінің мұғалімі Муканова Г.Н.дайындады.
   08 -14.09 аралығында «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Бұл іс-шараға 0-11-сынып оқушылары белсенді қатысып, видеороликқа түсті.
     Ал 9-қыркүйекте оқушылар тілге деген құрметтері мен сүйіспеншіліктерін «Тілдер әлемінде» атты суреттер сайысында шебер жеткізе білді. Тәуелсіздігіміздің тұғырына көтерілген жылдар ішінде елдің бірлігі артқандай. Елімізде ұлтымыздың ұлы тілімен қатар әлемдік тілдердің де құндылығы жоғары. Қазақ балаларының өзге тілді меңгергеніне қуанып, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлеп, білім алып жатқанын көргенде, бір жасап қаламыз.Ұстаздар қауымының басты міндеті-шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Осы мақсатта қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Сулейменова А.Т, Койлыбаева А.А. және орыс тілі пәнінің мұғалімі Смаилова Ж.М 11.09 күні «Ана тілін сыйлау – әр азаматтың міндеті», «Уважение родного языка других народов – долг каждого гражданина» атты 2 тілде эссе жазу сайысын ұйымдастырса, Ганеев Т.М.«Ойлан, тап!» атты ағылшын тілінде викторина  өткізді.  
   Орыс тілі пәні мұғалімінің ұйымдастыруымен « Родное слово» атты интеллектуалды викторина 14 қыркүйекте 7,8,9 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Оқушылар тілге қызығушылықтарын білдіріп, зор ықыласпен сайыс қызықты өтті.
    Онкүндікке бастауыш сынып мұғалімдері де белсене араласты.  1-сынып ұстазы Қонақбаева Г.Т. Конституцияның 25 жылдығына орай «Ата заң –алтын тұғырымыз» деген тақырыпта танымдық сабақ ұйымдастырды.
    Онкүндік 16.09 күні қазақ тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткізілген «Дана Абай туралы не білеміз?» атты сайыспен қорытындыланды.
Дана Абайдың 175 жылдығына арналып өткізілген сайыста оқушылар өздерінің ақын өмірі мен шығармашылығы жайлы қаншалықты жақсы білетіндігін аңғартты. Сонымен қатар осы күні онкүндікке белсенді қатысқан  барлық оқушылар мадақтамамен марапатталды.
  « Тіл үйрену үшін қажеттілік не мәжбүрлік емес, шынайы қызығушылық болуы маңызды», -деген екен А.Б.Августин. Ендеше,өз тілімізді әрқашан құрметтеп, өзге тілді үйренуге деген ынтамыз биік болсын!


                                                                 Гуманитарлық пәндер ӘБ жетекшісі:
                                                                 Сулейменова Асель Толеухановна.

Жаңартылған күні: 20.10.2020 10:42
Құрылған күні: 20.10.2020 10:42

Текст