"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Шалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Шалкар отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области

Біздің әлеуметтік желілер

 

кадрлар бөлімі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

" Мектеп асханасында оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастыру"

Жыл сайынғы үрдіс бойынша,биылда біздің Шалқар орта мкетебінен ыстық тамақ ұйымдастырылды. Қыркүйек айының басында мектепте 131 оқушы болды,, соның ішінде«Жалпыға бірдей білім беру қорынан» 41оқушы, тегін ыстық тамақпен қамтылған. Оған жағдайы төмен отбасынан шыққан және көп балалы отбасындағылар қамтамасыз етілген. Жалпы мектебімізде - 131 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Жалпы мектеп бойынша ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылар 100% құрайды. Бастауыш сынып бойынша яғни 6 оқушының барлығыда ыстық тамаққа қамтылған.Ыстық тамақты ұйымдастыруға тікелей жауап беретін әлеуметтік педагог Қойлыбаева А.А Жалпы білім беретін мектептердің әкімшілігі оқушыларға ыстық тамақты ұйымдастырып, асхананы жалдаушы мектептегі сапалы және қауіпсіз ыстық тамақтануды қамтамасыз етеді. Мектеп әкімшілігі оқушылардың тамақтану кестесін құрып, асханада кезекшілік тағайындап, бастауыш сыныптағы оқушылардың тамақтануын есепке алып отыратын жауапты адамды тағайындайды.Тағам саласындағы жұмыскерлермен санитарлық сауаттылықпен жеке бастың гигиенасын сақтау туралы жұмысты үнемі жүргізіп оның мектеп медбикесі Молдабаева Дамира Өмірбекқызы қадағалауында болады. Әрбір тамақ әзірлеген қазаннан тікелей тамақ сынамасын алып, оқушыларға таратуға болатыны мен сапасы туралы бракераждық журналға жазады:Тамақ таратушылар үлестіру кезінде тамаққа қолдарын тигізбей, екінші тағам, гарнирлерді арнайы қасық, шанышқылармен салуы тиіс. Күнделікті ас үйде әзірленген дайын тамақтың тәуліктік сынамалары, қажеттілігіне қарай зертханалық бақылаулар үшін қалдырылып отырады. Күнделікті мектеп асханасының көрінетін жерінде дұрыс тамақтану бұрышының қасында, әрбір ата-ана баласы бүгін қандай тамақ ішіп-жегенін білуі үшін ас мәзірі ілініп тұрады.

Әлеуметтік педагог: Қойлыбаева А.А

 

Жаңартылған күні: 26.02.2020 13:18
Құрылған күні: 26.02.2020 13:18

Текст