"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Шалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Шалкар отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области

Біздің әлеуметтік желілер

 

кадрлар бөлімі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызметтер туралы есеп

 

«Ақмола облысы Целиноград ауданы Шалқар жалпы орта  білім беретін мектебі»КММ-нің 2022 жылдағы мемлекеттік қызмет көрсетуінің жүргізілуі туралы есебі

 

  1. Жалпы ережесі
  1. Көрсетілетін қызмет берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы Целиноград ауданы Шалқар жалпы орта  білім беретін мектебі»КММ

Заңды мекен-жайы: Ақмола облысы Целиноград ауданы Шалқар ауылы Шолпан Иманбаева 2

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер:

Шалқар  жалпы орта білім беретін мектебінде 5 мемлекеттік қызмет бойынша  қызмет көрсетілді:

1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау. (2022 жылы көрсетілген қызмет – 17)

-соның ішінде электронды түрде -  14 қызмет;

-қағаз түрінде - 3 қызмет.

2. Денсаулығы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде тегін жеке оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау. 2022 жылы көрсетілген қызмет – 1

-соның ішінде электронды түрде -  0 қызмет;

-қағаз түрінде - 1 қызмет.

3. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру. (2022 жылы көрсетілген қызмет – 3;

-соның ішінде электронды түрде -  3 қызмет;

-қағаз түрінде – 0 қызмет.

4. Жалпы білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыруға құжаттарды қабылдау. (2022 жылы көрсетілген қызмет – 6;

 -соның ішінде электронды түрде -  1  қызмет;

-қағаз түрінде – 5 қызмет.

 

5. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуға құжаттарды қабылдау -14

 -соның ішінде электронды түрде – 0 қызмет;

 -қағаз түрінде - 14.

 

Электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік қызмет – 18 қызмет;

қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 23 қызмет.

Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

 3) Білім беру саласындағы ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуға құжаттарды қабылдау - (2022 жылы -14;)

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» – (2022 жылы – 17)

2. Қызмет алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушыларға қажетті барлық ақпарат Целиноград ауданы  Шалқар ауылының  жалпы орта білім беретін мектептің ресми интернет-ресурсында http://sh-shalkar-celinograd-akmol.edu.kz/content/otchet-o-gosudarstvennyh-uslugah   «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған, мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен ережелері бар. Сондай-ақ мектепте мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері ақпараттық стендте орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.

            

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді актілердің жәненормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді актілердің жобаларын қоғамдық талқылау жүргізілуде.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндірме жұмыстары, сұхбаттар және т.б.).

2022 жылға Шалқар жалпы орта білім беретін мектебінде ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары, қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мектеп Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйе 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ АРМ ГУ жүйесі жұмыс істейді, онда 3 мемлекеттік қызмет қол жетімді.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:

Мемлекеттік қызметті қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген, мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілігін арттыру курстарынан өткен қызметкерлер бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) көрсетілетін қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдары туралы мәліметтер:

2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері:

Қоғамдық  мониторинг нәтижелері бойынша 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бұзушылықтардың алдын алу шаралары жүргізілуде.

5. Көрсетілетін қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары:

2023 жылы білім басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады.

 

Мектеп директоры  м.а.:                          Ж.К.Жумабаева


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 24.02.2023 09:27
Құрылған күні: 24.02.2023 09:46

Текст